Новости

16.03.2017ж. МКҚК «Түркістан медицина колледжінің» «Психологиялық көмек көрсету» орталығында Қазақстан Республикасының медициналық колледждеріндегі  студенттердің арасында «Күйзеліс әлеуметтік салдары мен оны жеңу жолдары» атты Республикалық ғылыми-ізденіс конференциясы өтті. Республикамыздың әрбір облысынан «On-line» жүйесінде белсенді қатысушылардың саны  30-ға жетті. Бұл конференцияда кәзіргі кездегі өзекті мәселелер талқыға салынды.

Аталмыш конференцияның мақсаты:
- Адам, оның өмірі мен денсаулығы сияқты құндылықтар туралы насихаттау;
- Тұрғындарға ақпараттық және психологиялық көмек көрсету, сонымен қатар, студент жастардың салауатты өмір салтын ұстану мен күйзелістің алдын алу туралы үгіт  жүргізу;
- Күйзеліспен және оның салдарымен күресудің тәжірибесімен бөлісу;
- «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» атты Президент жолдауын іске асыру.
Осы конференцияға біздің колледждің атынан студенттер мен психологтар қатысты.
Бірінші баяндамашы: Нүсіпова Шынар, 3 с/д «3»  тобының студенті. «Кәсіби күйзеліс және оны жеңу тәсілдері» атты тақырыбын   ұсынып,   бірінші дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі: педагог-психолог Мусатаева Рысбике Куляевна.  


Екінші баяндамашы Марченкова Виолетта, 3 с/д «С» тобының студенті. «Влияние стресса на поведение человека» атты тақырыбын ұсынып, екінші дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі: педагог- психолог Молдағалиева Сая Болатбекқызы. Студенттер мен олардың жетекшілері конференцияға қатысқаның растайтын сертификатқа ие болды.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.