Новости

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі мейрамының орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шаралар  өтеді.

 

 Бүгінде біздің колледжімізде 1 мамыр – Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған  «Бір шаңырақ астында»  атты фестиваль 1м/і «А», 1м/і «В», 1м/і «С», 1с/д «Д», 2м/і«А», 2 м/і «В»,2 с/д «С» топтарының студенттерінің  арасында өткізілді.   Әр ұлттың тағамдары мен киімдерін таныстыра отырып,   ән салып, би билеп,  дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді.

 

 

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.