Новости

2017жылдың 26 желтоқсанында  Қазақстан тарихы және әлеуметтік – экономикалық пәндер бойынша білім алушылардың «Логос» ғылыми зерттеу  үйірмесінің І жартыжылдығы  бойынша  «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» тақырыбында  қоғамдық пәндер оқытушылары:  Жаспанова Г.К. Есентаева А.С. қорытынды жасады. 
Мақсаты:  Алаш қозғалысы туралы білім алушылардың бойына нақты пікір және жеке көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарасын білдіру, өз ойларын түйіндеп айта білу, білім алушылардың шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Үйірме жұмысының 2017-2018 оқу жылындағы ғылыми зерттеу тақырыбы Алаш қозғалысының 100 жылдығына байланысты  «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары». Тақырып бойынша үйірме мүшелері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Семей қаласындағы Алаш мұражайына барып құңды деректерді жинақтады.  Абай  мұражайының ғылыми қызметкері Байдаулет Аида шараға арнайы шақырылды.  Алаш мұражайы туралы қосымша мәлімет берді. Өз ойларын жырмен өрнектеп, қағазға түсірген жас ақындарымыз Алаш қайраткерлеріне арнап жыр шумақтарын жолдады.

    • Баяндама:  «Ә.Бөкейхановтың саяси портреті»  тақырыбымен  2емдеу ісі 1 тобының білім алушылары Саматқызы Іңкар мен Балтабек Қарлығаш
    • Баяндама:  «Алаш қозғалысы – Семей шаһары» тақырыбымен 2мейіргер ісі 3  тобының білім алушылары Бейсенқызы Аяулым, Мұқиятқызы Сымбат, Мұқият Тыныс
    • Баяндама:  «Алаш арыстары: Соңғы сөз-соңғы сурет» тақырыбымен 2емдеу ісі1 тобының білім алушысы Серікұлы Сейітжан
    • Баяндама  «Алаш мұражайы» тақырыбымен 2ф1 тобының білім алушылары Төлеубайқызы Жансая мен Болатханқызы Маржан
    • «Алашорда және қазіргі заман: идеялар сабақтастығы» атты зерттеу жұмысымен  2емдеу1 тобының білім алушылары Өжетбек Гаухар мен Табысова Айым

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.