Новости

2018 жылдың 16 қаңтарында  Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына байланысты,   колледж  әкімшілігі,  оқытушылар мен     Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы өкілдерінің қатысуымен  жиналыс  өткізілді. Жиналысты директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-  Тулумгужинова Гульжан Райхановна ашты. Жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіп революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету  үшін  дамудың жаңа мүмкіндіктерімен таныстыра отырып, жолдаудың 1,2 тармақтарына тоқталды

 

Жиында Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асырудың басты бағыттары белгіленді. Колледж директоры -Танатаров Саят Заманбекұлы жетінші міндет «Адами капитал - жаңғыру негізі» бойынша баяндады.

Келесі кезекте оқу-тәжірибе ісі жөніндегідиректордың орынбасары - Ульбауова Аида Мирхайдаровна ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің тиімділігін атап көрсетті. Оқу - тәжірибие барысында денсаулық сақтау мекемелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Колледжің Кәсіподақ ұйымының төрағасы - Горлов Олег Александрович қазіргі кездегі әлеуметтік саясаттың адамзат өмірінде алатын орнын, зейнетақы мен жәрдемақы тұрғысында аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету мәселелері туралы айтты.

Семей қаласының «Жастар ресурстық орталығының» директоры - Соғымбай Олжас Аманкелдіұлы еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары мен медицина салаларында, цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және кеңінен тарату, «Смарт Сити» «Эталонды стандарт» қалыптастыру жастар арасында маңыздылығын, осы салада жастардың жұмыс атқаруда болашағының зор екенін айтты.

ҚР президентінің Жолдауына қатысты колледж оқытушылары, «Ақылман» кенесінің төрағасы - Гилева Ольга Яколевна және «Анатомия» пәнінің оқытушысы - Касенов Куандык Шеншалиевич өз пікірлерін білдірді,

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.