Новости

 07. 02. 2018 жылы  Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжінде  «Ұжымдық қарым-қатынас» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренингті үйымдастырған колледждің педагог-психологтары: Мусатаева Рысбике Куляевна, Молдагалиева Сая Болатбекқызы және Қазақстан инновациялық университетінің педагогика-психология мамандығының  4 –курс машықкерлері   Қажымолдина Айгерим, Муратова Айнара.

Тренингтің басты мақсаты: студенттер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, студенттердің ынта –жігерін, қабілеттерін, шығармашылығын, коммуникативті дағдыларын арттыру. Психологиялық тренингке 1-2 курс «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері қатысты. Студенттер тренинг барысында белсенділік көрсетіп, өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін айтты.  

Тренинг жоғары дәрежеде өткізілді  және   ұлы Абай атамыздың «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»  деген сөзімен аяқталды.

Скачать шаблон для Joomla 3.4.
Скачать шаблон для Joomla 3.4.