ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Колледж тарихы

Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі 1928 жылы құрылған.
1930 жылдың желтоқсанында Қазақстандағы жалғыз фармацевтік техникум болып қайта құрылды.
1954ж. ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығы бойынша медициналық училище болып өзгерді.
1996 жылдан бастап медициналық колледж деп өзгертілді. ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсанындағы  №1335 қаулысына сәйкес жедел басқару құқығына негізделген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын түрінде заңды тұлға болып қайта құрылды және ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылған « Медициналық колледжінің» құқықтық мұрагері болып табылады ( Әкім шешімі бойынша, облыстық денсаулық сақтаубасқармасының 1996 жылғы 14 маусымдағы №282 бұйрығы). ҚР Үкіметінің 04.04.1996 ж. №384 жарлығымен, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының 2001 жылғы 13 наурыздағы №85 бұйрығымен және Семей мемлекеттік медицина колледжіне алғашқы қазақ фелдьшерлерінің бірі Д.Қалматаевтың есімі берілді.

Колледжде «Медбике ісі» мамандығы бойынша оқыту 1961 жылдан бері жүргізілуде.

Бағыты: Жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және интеллектуалды азаматттық жастарды қалыптастыруға ықпал ететін жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну.

Миссиясы: Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Міндеттері:

1. ҚР-ң денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысуы;
2. Орта және жоғары мейірбике білімі бар мамандарды кәсібінің беделін көтеруге  және әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шараларды дәйектілікпен жүзеге асыру;
3. Оқытудың озық әдістерін енгізу, инновациялық технологияларды қолдану және материалдық-техникалық базаны жетілдіру арқылы мамандарды даярлау жүйесін дамыту;
4. Медбике ісін стандарттау жүйесін әзірлеу, медбике практикасында қарапайым медициналық қызмет көрсету технологиясының  тізбесін кеңейту;
5. Медбике практикасында дәлелді медицина орталығын құруға жәрдемдесу, медбике саласында мәселелерді басымдыққа алу қағидаттарына негізделген зерттеулер және практикалық денсаулық сақтаумен ықпалдасу;

Колледж ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің 2013 жылғы 23 мамырдағы №474 бұйрығымен аттестациядан өтті. 2017 жылдың қараша айында колледж 6 мамандық бойынша институтционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредетация рәсімінен өтуді жоспарлап отыр. Медициналық колледждін қызметі келесі негізде жүзеге асырылады:

• ШҚО әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының  «Семей қаласы    Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі» КМҚК   ЖАРҒЫСЫ;
• Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік 2008 жылғы  23 мамырдағы ҚР Әділет министрлігінің Семей қаласы Әділет басқармасында №573-1917-27-ГП;
• 1999 жылғы 29 наурыздағы  №38023920 статистикалық карта.

Колледж білім беру қызметін ШҚО Білім беру  басқармасының сериясы АБ №0067086 , 2009 жылғы 02 ақпанындағы берілген мемлекеттік лицензия негізінде және ШҚО Білім беру  басқармасының 2010 ж. 17 қарашадағы №0105451  Мемлекеттік лицензияға қосымша,  17.11.2010 ж. №499 бұйрық негізінде келесі мамандықтар бойынша атқарады:

- 030100 0 «Емдеу ісі»
- 030200 0 «Мейірбике ісі»
- 030400 0 «Стоматология»
- 030500 0 «Зертханалық диагностика»
- 030600 0 «Фармация»
- 030700 0 «Ортопедиялық стоматология»

2000 жылдан бастап колледжде орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру  және қайта даярлау бөлімшесі жұмыс жасайды. Оның базасында ШҚО денсаулық сақтау Басқармасының келісімі бойынша 2015 жылы Мейірбике ісінің даму орталығы ашылды.

Жоғарғы колледж мәртебесіне көшу мақсатына орай  қызметкерлер Финляндиядан келген сарапшылардың өткізген «Мейірбике ісі» мамандығына арналған  «Құзіреттілікке негізделген білім беру стандартының әзірлемесі» және «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша  медбикелерді икемді, жеделдетіп оқытумен қамтамасыз ету үшін   қолданбалы бакалавриат білім стандарттарын әзірлемесі» шеберлік-сабақтарына қатысты.

Сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Технология проецирования стуктуры  профессионального стандарта  на программы обучения» курсынан өтті. Осы мақсатпен 2016 жылдың қыркүйегінен «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 1 курс студенттері үшін ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға  арналған 40 сағаттық  курстары бөлінген, сондай ақ оқытушылармен  аптасына 2 рет ағылшын тілінің курсы өткізіледі.

2017 жылғы қыркүйек айынан  ШҚО білім Басқармасымен келісімі бойынша колледж Дуалды оқыту жүйесін енгізу жобасына қосылған, осыған байланысты колледждің жұмыс тобымен білім және ғылым министрінің 21 қаңтардағы ҚР-ң 2016  №50 бұйрығына сәйкес дуалды оқыту жүйесін енгізуге қажетті құжаттар әзірленді.

ШҚО денсаулық сақтау әкімдігінің басқармасымен келісілген  29.10.2015 ж. №П-387 бұйрығы бойынша  «Семей қаласының  Д.Қалматаев атындағы медицина колледжі» КМҚК балансына  Семей қаласы, Жамақаев көшесі, 100 мекен-жайында  орналасқан Жедел медициналық жәрдем ауруханасының  терапевтік корпусында орналасқан 3909,1 ш.м. берілді. Ғимаратта жалпы саны 65 компьютері бар  3 класс бар. Колледж бойынша барлығы 120 компьютер, олардың 70-і интернетке шығуға мүмкіндікке ие.

Білім берудің жалпыға міндетті Мемлекеттік  стандартына сәйкес білім беру процессін ұйымдастыру және жүргізу үшін, “Мейірбике ісі” мамандығы бойынша 52 оқу бөлмесі , 2 зертхана  бар, қаланың емдеу – профилактикалық мекемелерінде 10 кабинет  орналасқан. Оқу сыныптары мен зертханаларда жабдықтардың орташа деңгейі - 96% құрайды. Болашақ медбикелерді Колледждің  клиникалық және клиникаға дейінгі дайындығы   симуляция орталығында, “Виртуалды  клиникада”  өткізіледі. Орталық заманауи тренажерлармен,  муляждармен және  манекендермен мен жабдықталған.  Симуляция орталығыда бірнеше жұмыс станциясы бар, онда студенттер медициналық көмек көрсетуде практикалық дағдыларды дамыта алады.

Колледж кітапханасы негізгі ғимараттың бірінші қабатында орналасқан және жалпы ауданы 136м.кв. болатын жеке бөлмеге ие.Оқу залындағы орын саны -30.    2016 жылдан бастап колледж кітапханасының оқу залы медиотекаға айналды. Сол үшін интернетке қосылған 15 ноутбук сатып алынды, арнайы компьютерлік үстелдер жабдықталды, жиһаз жаңартылды және қосымша әдебиеттер сатып алынды. Кітап сақтау қоймасы стеллаждармен, оқу залы және абонент залы кітап сөрелерімен, үстелдермен, компьютерлермен, бейнефильм  және каталогтармен жабдықталған.Кітапхананың  кітап қоры – 104 710 дана.

Жалпыколледждік  шаралар, семинарлар, конференциялар, 70 орынға арналған конференц залда өткізіледі. Студенттер мен қызметкерлерге арналған  асхана жұмыс істейді.

Студенттерге медициналық қызмет көрсету “Аралас типтегі №5 емханада” жүргізіледі, онда  студенттерге алдын алу тексерулері, емдік, диспансеризациялық тексерулер жасалады. Колледжде студенттерге медициналық көмек көрсету үшін медициналық пункт, процедуралық  кабинет қызмет жасайды.

Алғашқы (дәрігерге дейінгі) медико-санитарлық көмек көрсету үшін медициналық қызметпен айналысуға арналған 30.04.2010ж. №001495DF сериялы лицензиясы бар.

Медициналық орталықтың медбикесі алғашқы көмек көрсетеді және студенттерді медициналық себептермен клиникаға жібереді.
Жыл сайын емхана дәрігерлері студенттерді, оқытушылар  мен қызметкерлерді тексерістен өткізеді.

Спорттық-сауықтыру жұмыстары үшін  заманауи тренажерлармен  жабдықталған тренажер залы жұмыс істейді. Спорттық залдың құрылысы басталды.

Тәжірибелік сабақдың барлық түрлерін сапалы  өткізу үшін  қаланың және аймақтың   46 медициналық мекемесімен  келісім шарт жасалған.

Колледжде жетім және ерекше қажеттілікті керек ететін  студенттер оқиды, олар кураторлардың және колледждің әкімшілік, психологиялық қызметінің  бақылауында. Осы санаттағы студенттер бюджеттік топтарда стипендия алады, ал ақылы топтарда оларға 30-50% жеңілдік беріледі. Колледжді бітірген соң, оларға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.Сондай-ақ, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге 30-50% жеңілдік түрінде материалдық көмек көрсетіледі. Балалар үйінің тәрбиеленушілері төлемнен босатылады.

Колледжде “Мейірбике ісі” білім беру бағдарламасы 1961 жылдан басталды. Оқу процесін тиісті базалық білімі бар оқытушылар  жүзеге асырады. Практикалық денсаулық сақтау мамандары клиникалық пәндер бойынша практикалық сабақтарды жүргізуге қатысады. Колледжде 4 медицина ғылымдарының кандидаты, 12 магистр жұмыс істейді,  педагогикалық құрамның  санаты  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Колледждің  өз кадрлық саясаты бар  инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім берудің мейірбикелік бағдарламаларының талаптарына сәйкес білікті мамандарды сапалы даярлауға кепілдік береді.

Колледждің кадр саясатының негізгі міндеттері: кадрлар құрамын оңтайландыру және тұрақтандыру; педагогикалық және  өзге де қызметкерлердің   еңбегін ынталандырудың тиімді  жүйесінің құру;  колледжде ұйымдастыру тәртіпбін құру және қолдау, қызметкерлердің  қызметтік міндеттерін орындаудағы жауапкершілікті арттыру, еңбек тәртібін нығайту; қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру жүйесін  оңтайландыру;  Колледждің іскерлік  корпоративтік мәдениетін қалыптастыру.

“Мейірбике ісі” мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру базалық жоғары сондай-ақ, оқытылатын пәннің бейіміне сәйкес келетін және денсаулық сақтау саласындағы педагогикалық, ғылыми- әдістемелік немесе практикалық қызметпен жүйелі түрде айналысатын орта медициналық білімі (жоғарғы педагогикалық білімі болған жағдайда) бар ғылыми- педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі.Бейіндік пәндерді оқытуға бірінші және жоғары біліктілік санаттары бар практикалық денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандары шақырылады.

Колледж штатында жоғары , бірінші біліктілік санаты бар 50 оқытушы, мейірбике ісі магристрлері, резиденттер жұмыс істейді, бұл педагогикалық құрамның  жалпы санының  49% құрайды. Оқытушылардың құзіреттілік деңгейін және оқыту сапасын арттыру мақсатында жоспарлы түрде әр түрлі формада және жоспар бойынша оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Біліктілікті арттыру  курстартарының тиімділігінің нәтижесі  педагогтардың жобаларға, конкурстарға, конференцияларға қатысуы,  педагокикалық тәжірибені  жинақтау, оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу, оқу құралдарын шығару болып табылады.

Оқу орнының әдістемелік жұмысы қазіргі уақытта  білім беру кеңістігінде енгізілетін жаңа инновациялық технологиялардың бағыттарын көрсетеді. Оқытушылардың құзіреттілік деңгейін және оқыту сапасын арттыру мақсатында жоспарлы түрде  әр түрлі формада оқытушылар құрамының біліктілігін  арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Біліктілікті арттыру курстарының тиімділігінің  нәтижесі педагогтардың әртүрлі жобаларға қатысуы болып табылады.Олимпиадаларға қатысу, әдістемелік құралдарды шығару, оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу, конференцияларда, кеңестерде сөз сөйлеу, педагогикалық тәжірибені жинақтау, жарияланымның болуы.

Медициналық білім беру саласында заманауи инновациялық әдістемелерді енгізу педагогтарға оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, құралдары мен нысандарын жаңғыртуға  мүмкіндік береді.

Колледжде таңдаған технология бойынша шығармашылық  топтар жұмыс істейді. Топтарда  таңдалған технологияны меңгеру сатысын бақылау  үшін инновациялық карта жүргізіледі. Колледждегі қашықтықтан оқыту жүйесін дамытудың бастамасы   инновациялық  қайта құрумен байланысты.Аталған қызмет түрі бойынша бірқатар оқытушылар біліктілікті арттырудан өтіп сертификаттар алды.

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының басқа медициналық колледждерімен онлайн семинарлар мен конференциялар  өткізіледі.

Инновациялық технологияларды енгізудің  нәтижесі – оқытушылардың жұмыс тәжірибелерін жинақтау және тарату болып табылады.

Колледж оқытушылары құрамының қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізген, оның мақсаты кәсіби  шеберлік деңгейін арттыру, колледж оқытушыларының оқу әдістемелік,  ғылыми-зерттеу, педагогикалық инновациялық қызметтің  тиімділігін арттыру болып табылады.

Колледж, Омбы мемлекеттік медицина университетімен, Рубцовск медициналық колледжімен, Барнауыл қаласының базалық медициналық колледжімен мамандарды даярлау бойынша екі жақты келісім-шарттар жасасты. Колледж студенттері халықаралық  кәсіби шеберлік байқауларына, конференцияларға, жобалар байқауларына белсенді қатысады.

Колледжде 2013 жылдан бастап   10 студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді, студенттік еріктілер клубы жұмыс істейді, жалпы барлық үйірмеге қатысушы  студенттер саны -300 . Студенттер республикалық және халықаралық студенттік ғылыми тәжірибелік конференцияларға және әулеметтік жобаларға белсенді қатысады. Рубцов медициналық колледжімен ,Омбы медициналық университетімен, Барнаул медициналық колледжімен ,Каспий қоғамдық университетімен ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалды.

Мамандарды даярлау клиникалық практика кабинеттерінде, симуляциялық орталықта,"Виртуалды клиникада", Семей қаласының емдеу алдын алу ұйымдарында (бұдан әрі ЕАҰ ) іске асырылады. Модельдеу орталығы модельдер, манекендер және заманауи стимуляторлармен жабдықталған. Орталықта бірнеше жұмыс станциясы бар, онда студенттер медициналық көмек көрсету және  пациенттерге көмек көрсетуде парктикалық дағдыларды дамытады.
-"Қабылдау бөлімі" станциясы - қабылдау, антропометрия, пациентті санитарлық өңдеу, клизм және басқа да  манипуляцияларды өткізу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған.
-"Ота жасау бөлмесі бар шағын операциялық зал"станциясы-асептикалық және  антисептикалық ережелерге сәйкес хирургиядағы практикалық дағдыларды дамытуға арналған.
-"Акушерлік және гинекология" станциясы екі аймақтан тұрады:
1.Қалыпты және асқынған босану кезінде ана мен ұрықтың шынайы имитациялайтын бөлме.
 2. Анематологиялық клиниканың қарау бөлмесі-жүкті әйелдерді және гинекологиялық науқастарды қабылдау бөлмесі.
-"Педиатрия" станциясы- бір жасқа  дейінгі балаға  күтім жасауға  арналған дағды бөлмесі.

Студенттер  қарым-қатынас  туралы ойын  және тамақтану бойынша кеңес береді. ИВБДВ бойынша реанимация техникасымен оқытылады, егу күнтізбесін, егу кабинеті мен дені сау бала кабинетінің жұмысын зерттейді.

-"Манипуляциялық техниканы жетілдіру" станциясы:
 1. Дәрмектерді препараттарды парентеральды енгізу арналған, пациенттерге күту бойынша  тренежерлермен жабдықталған емшара кабинеті, дәрігерге дейінгі көмек көлемінде шокқа қарсы іс шаралар көрсету,  А" және "Б" тобындағы  препараттарды сақтауға  арналған  шкафтармен жабдықталған.
 2. Пациенттерді күту палатасы – науқастарды мейірбикелік күту дағдыларын пысықтау үшін жартылай функциялы манекенмен жабдықталған, артериялық қысымды өлшеу және пульсты тексеру, медициналық құжаттарды жүргізу ережелері, қуықты катетеризациялау,  дуоденальды және фракциялық зондтау, асқазанды жуу, тазалау, сифондық, май, гипертниялық және дәрі клизмін қою, үйінді күту.
-"Терапевтік бөлме" станциясы -терапиядағы мейірбике ісі бойынша   практикалық дағдыларды пысықтау  үшін манекендермен жабдықталған.
-"Реанимация бөлмесі" станциясы  - шұғыл көмек көрсету, жүрек-өкпе реанимациясымен   Анестезиология жүргізу бойынша практикалық дағдыларды пысықтау үшін ересектер мен балалардың кешенді автоматтандырылған манекендерімен жабдықталған, сондай-ақ жіті коронарлық синдромның дамуымен аурулардың өзектілігіне байланысты электрокардиографпен  жабдықталған кабинет.

Симуляция орталығында  25 адамға  арналған  тренинг және пікірталас бөлмесі бар. 
Шағын топтарда оқыту: 
•    Кейстерге негізделген оқыту; 
•    Міндеттерге негізделген оқыту; 
•    Командалық негізделген оқыту;
•    Мәселелерге негізделген оқыту;
•    Симуляциялық оқыту;
•    Клиникалық  базаларда клиникалық  оқыту;

Білім деңгейін және практикалық дағдыларды анықтау кезінде бағалаудың мынадай негізгі әдістері қолданылады: 
1) көптеген жауаптары бар  сұрақтар;
2) ауызша емтихан;
3) қысқа жауапты сұрақтар;
4) ауызша жауап беретін   қысқа оқиға; 
5) презентацияны бағалау; 
6) объективті-құрылымдалған клиникалық емтихан және т. б.

«Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік  жоғары медицина  медицина колледжі» КМҚК  2017 жылдан бастап дуальды оқыту жүйесін енгізу жобасына енгізді.

ҚР-ң Білім және Ғылым Министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №50 бұйрығымен бекітілген Дуалды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына талаптарына сәйкес колледждің жұмыс тобы келесі құжаттарды әзірледі: 
Практикадан өту үшін орын беру және Бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы келісім шарт.

030200 0 ”Мейіргер ісі” мамандығын  
030203 3”Жалпы практика мейірбике ісі” мамандығын  біліктілігі бойынша типтік оқу жоспары негізінде жұмыс берушімен келісілген және колледжде 40% теориялық оқытуды және 60% өндірістік оқытуды қарастыратын жұмыс  оқу жоспары бекітілген.

Жұмыс берушімен келісілген оқу  процесінің кестесі.
Тәлімгерліктің әдістемелік нұсқаулығы  (Мейірбике-тәлімгер арналған).
Тәлімгерлердің функцияналдық  міндеттерінің тізімі. 
«Мейірбике ісіндегі менторлық» презентациясы.

Арнайы мамандандырылған виртуалды клиникада және әлеуметтік әріптестердің базасында практикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында тәлімгерлер ретінде медбикелер жұмыс істейді, әрбір тәлімгерге 3-4 студент тағайындалады.

Тәлімгерлер-қаланың клиникалық базаларының негізгі медбикелері болып табылады. Олардың ішіндегі негізгі клиникалық базаларының  ішіндегі медбикелер аймақтың Челдыбаев.Т.И,  Медициналық орталық ГМУ Гаращенко М.А,  жекеменшік клиника “Венера” Смағұлова Г. К, перинаталық орталықтың бас муфтиі Даманова А. Ж. Колледж басшылары тәлімгерлерді сертификатқа оқытуды жоспарлап отыр.

Түлектерді  жұмысқа орналасуының географиялық  таралу аймағы тек Қазақстан Республикасында  ғана емес, сонымен қатар  жақын және алыс шетелдерді  де қамтиды.