ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Миссия және басқарма

Жоғары басшылық сапа саласындағы саясатты тұжырымдады және 2016-2017 оқу жылына арналған бірыңғай кешенді жоспарға сәйкес тұтынушылардың талаптары мен күтулерін барынша толық қанағаттандыру мақсатында ҚР СТ ИСО 9001-2009 сәйкес сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) жетілдіру және жұмыс жағдайында қолдау кезінде кәсіпорынды басқару процесінде оның ережелерін ұстануға жауапкершілік пен міндеттеме алды.

Әрбір қызметкер Колледж алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге жеке өзі қатысады: ұсынылатын қызметтің сапасы, сондай-ақ тұтынушылар арасындағы имидж, олардың бізге деген сенімі әрбір қызметкердің еңбегіне байланысты. 

Сапа саласындағы саясатта көзделген бағыттар бойынша іс-қимыл жасай отырып, Колледж өз алдына сапа саласындағы мынадай мақсаттарды қояды: 2017ж. ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптары негізінде сапа менеджменті жүйесін енгізу; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың "денсаулық 2016-2020жж" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысу; 5 жыл ішінде кәсіби халықаралық ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік салаларын кеңейту.

Миссиясы: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Пайымдауы: жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және зияткерлік азаматтық жастарды қалыптастыруға ықпал ететін сапалы білім беру қызметтерін ұсыну.

Міндеттер:

1. ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысу;
2. Кәсіптің беделін арттыруға және орта және жоғары мейіргерлік білімі бар мамандарды әлеуметтік қорғауға бағытталған шараларды дәйекті іске асыру;
3. Оқытудың озық әдістерін енгізу, инновациялық технологияларды пайдалану және материалдық-техникалық базаны жаңғырту арқылы мамандарды даярлау жүйесін жетілдіру;
4. Мейірбикелік қызметті стандарттау жүйесін дамыту, мейірбикелік практикадағы қарапайым медициналық қызметтер технологияларының тізбесін кеңейту.
5. Мейірбикелік практикада дәлелді медицина орталығын, мәселелердің басымдылығы және практикалық денсаулық сақтаумен интеграциялау қағидаттары негізінде Мейірбике ісі саласындағы ғылыми зерттеулерді құруға жәрдемдесу.
 

сертификат соответствия
сертификат соответствия