ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Медициналық білім мен ғылымды жаңғырту

«Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» «Медициналық білім мен ғылымды жаңғырту» жобасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының іс-шараларына белсенді қатысады. Мейірбике ісінің қолданбалы бакалаврларын дайындау басталды, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту енгізілді. Ағымдағы жылдың 8 қарашасынан бастап педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу үшін колледжде халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия экономикасы қорының SES қызметінің сарапшысы Петр Фоскульмен жұмыс басталды. Семей қаласының медициналық мекемелерінің өкілдерімен, оқытушылармен және бітіруші топ студенттерімен кездесу жоспарланған.