ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Студенттер қатарына қабылдау

2018 жылдың қараша айының 14 күні «Жастар сарайында» Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медициналық колледжінің 1 курс студенттерін «Студенттер қатарына қабылдау» іс-шарасы өтті.

Мерекелік кешке колледж әкімшілігі, оқытушылар, Германиядан келген құрметті қонағымыз СЭС эксперт қызметі, Германияның Экономика қоры Халықаралық ынтымақтастық бойынша өкілі Питер Фоскуль ханым және бірінші курс студенттері қатысты.

Колледжіміздің ЖҰ «Сенім» мүшелері 1 курс студенттерін құттықтап, алғы сөздерін айтты. Жоғары курс студенттері қатарға қосылған студенттерге және оқытушыларға қызықты номерлер, сыйлықтар дайындады. «Қалматаев КТА» командасы студенттері де қатардан қалмай жиналған қауымға жақсы көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, 1 курс студенттері салтанатты түрде ант қабылдап,символдық сынақ кітапшасы және студенттік билет табыс етілді.

DSC_0235-min
DSC_0245-min
DSC_0258-min
DSC_0263-min
DSC_0275-min
DSC_0284-min
DSC_0287-min