ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді.

30.11.2018жылы Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беру. Ойларын еркін айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Шара барысында колледж директоры Танатаров Саят Замамбекұлы  құттықтау сөз сөйлеп, колледж ұжымының,студенттердің жетістіктерімен құттықтап, марапаттады.

Шараға жауапты оқытушылар: Омиржанова К.О, Жаспанова Г.К, Рахимжанова А.Ж және 1 Емдеу ісі А, В,   1 Лабораториялық  диагностика «А» тобының білім алушылары.

1
2
3