ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Жатақхананың ашылуы

     2018 жылдың 15 желтоқсанында Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің қалалық емес студенттері үшін 350 орынға арналған жатақханасының салтанатты ашылуы болды. Жатақхананың ашылуы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниал Кенжетаевичтің, ШҚО және Семей қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшыларының қатысуымен өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында өтті және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асырудағы маңызды қадам болып табылады. “Білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкес құру кезінде білім алу мен студенттердің өмір сүру жағдайына назар аудару керек” дей отырып, Елбасы мемлекет жастарға қамқорлық жасау керек деп санайды жатақхананың ашылуы колледж студенттері үшін тұрғын үйді жалға алу мәселесін толығымен жояды.

     Ғимаратта жиһазбен жабдықталған 113 жайлы бөлмелер бар. Медициналық пунктке акт және оқу залына, гимнастика және тренажёр (фитнес – орталығы) залына арналған бөлмелермен жабдықталған, сонымен қатар арнайы жабдықталған симуляциялық кабинеттерде алған білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бекітуге мүмкіндіктері бар.  

Жатақхананың ашылуы
Жатақхананың ашылуы
Жатақхананың ашылуы
Жатақхананың ашылуы
Жатақхананың ашылуы
Жатақхананың ашылуы