ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған «Екі жұлдыз» байқауы

8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған «Екі жұлдыз» байқауы

  2019 жылдың 6 наурыз күні «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен «Сенім» жастар ұйымының 8 наурыз- халықаралық әйелдер күніне арнайы ұйымдастырған Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында  «Екі жұлдыз» байқауы өтті.Мерекелік кеш колледж директорының құттықтау сөзімен басталды.

  Байқауға колледждің мамандықтар бойынша әр түрлі бөлімінен 5 өнерлі жұп студенттері қатысты.Байқау 2кезеңнен тұрды: 1-ші кезең «Үй тапсырмасы» бойынша жұптар музыкалық өнерлерін көрсетті , 2-ші кезең «Әуенді тап» музыкалық ойыны.Екі кезең бойынша жұптар өздерінің өнерлерімен тапқырлықтарын танытты.

  Бірінші орынды Құдайберген Ерболат пен Ақанова Айсауле жеңіп алды. Екінші орынды Манғазов Медет пен Ақанова Назерке  иеленді. Үшінші орынды Мырзабай Жігер мен Макажанова Алина иеленді, Бекболатов Аслан мен Бекжолдасова Парасат ,Багдадов Багдад пен Мәулетханова Шырын белсене қатысқаны үшін марапатталды. Сондай-ақ, инстаграмм желісі бойынша көп лүпіл жинаған Бекболатов Аслан мен Бекжолдасова Парасат қа жастар комитеті атынан кинога 2 билет ұсынылды.

  Барлық қатысушылар мақтау қағазы мен сыйлықтармен марапатталды. Байқау өте қызықты өтті, қатысушылар мен  көрермендер де кештен үлкен әсер алды. Мерекелік байқау би кешімен өз жалғасын тапты.

«Екі жұлдыз» байқауы
«Екі жұлдыз» байқауы
«Екі жұлдыз» байқауы
«Екі жұлдыз» байқауы
«Екі жұлдыз» байқауы
«Екі жұлдыз» байқауы
«Екі жұлдыз» байқауы
«Екі жұлдыз» байқауы
«Екі жұлдыз» байқауы
«Екі жұлдыз» байқауы