ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инклюзивті оқыту процессінің негізгі аспектілері мен шарттары»

2019 жылдың 15-26 сәуір аралығында  «Кәсіпқор» Холдингі» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инклюзивті оқыту процессінің негізгі аспектілері мен шарттары» тақырыбында колледж оқытушыларына арнайы білім жетілдіру курсын өткізді. Аталған курсқа «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі» ШЖҚ КМК 9 оқытушы қатысып білімін жетілдірді. Курста оқытушылар инклюзивті оқыту туралы мәліметтерді тереңінен игерді. Курстың соңғы күнінде алған білімді тәжірибе жүзінде көру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат» Коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.