ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

«Мәңгілік Даңқ» полкі акциясы

Жыл сайын 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнінде Орталық алаңнан Жеңіс саябағына дейін Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді есте сақтап, рухына тағзым жасау мақсатында қала тұрғындары, колледж студенттерінің қатысуымен «Мәңгілік Даңқ» полкі әскери шеру ұйымдастырылды.Аталған шараға «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК студенттері «Жеңіс –елдің ерлігі» атты бағанасында (колонна) сап түзеді.Колледж студенттері және оқытушылары  Ұлы отан соғысына қатысқан аталарының, туысқандарының портреттерін ұстап «Мәңгілік Даңк» полкі әскери шеруінде жүріп өтті.

Әскери шеру барысында бастарын өлімге тіккен ардагерлеріміздің ерлігіне тағзым еткен Семей қаласы әкімі Ермак Салимов тұрғындарды мерекемен арнайы құттықтады.Әскери шеру Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздар мен бүгінде арамызда жоқ майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен бастау алды.  

«Мәңгілік Даңқ» полкі акциясы
«Мәңгілік Даңқ» полкі акциясы
«Мәңгілік Даңқ» полкі акциясы