ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Президенттік тест

Президенттік тестілері Қазақстан  Республикасы балаларының, жастарының және ересек тұрғындарының шынығу дайындығына қойылатын нормативтік талаптардың негізі болып табылады.

“Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасы тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  міндетін атқарушынің 2014 жылғы 21 қарашадағы  № 103 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 29 қарашадағы №316 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес  2018-2019 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарындағы 4,7,9,11- сынып оқушылар арасында, 18-23 жас аралықтары бойынша жазғы Президенттік тест қабылданады.

Осыған орай 11.05.2019 ж. күндері   Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғарғы мемлекеттік  медицина  колледжінің  білім  алушылары  және  колледж ұстаздары Президенттік тест сынақтарын  «Полковничий» аралында тапсырды. Аталған іс-шараға 500 студент және 40 оқытушы қатысты.