ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Арыс, біз біргеміз!

2019 жылдың 24 маусым күні Түркістан облысы Арыс қаласында оқ-дәрі сақтайтын қоймада болған жарылыс нәтижесінде он мыңдаған азаматтар баспана, тамақ, үйсіз қалған еді. Бұл жағдай ешкімді де бей жай қалдырмады. Қазір әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы осы күрделі жағдайға көмек көресту болып отыр.

«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі ШЖҚ КМК бұл жағдайға бей-жай қарамай, көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Көмек көрсету туралы шешімді Семей қаласының  Д.Калматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі қызметкерлері бірауыздан қолдады.

Нәтижесінде, «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі ШЖҚ КМК ұжымы оқ-дәрі сақтайтын қоймада болған жарылыстан зардап шекке Арыс қаласының тұрғындарына ақшалай қаражат аударылды.

Колледж ұжымы зардап шеккендердің отбасына сабырлық,күш-қайрат және денсаулық тілей отырып,  төтенше жағдайдың мерзімінен бұрын шешілуіне тілектестігін білдіреді.