ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Ақ жол, түлектер!

                                         Ақ жол, түлектер!                

2019 жылдың 2, 3 шілде күндері Қалалық мәдениет сарайында «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі түлектерінің салтанатты түрде бітіру кеші өтті. Фельдшерлер, акушерлер, медбикелер, фармацевтер, медициналық лаборанттар, тіс техниктерді жалпы саны 415 студент дипломдарын алды. Кеш барысында колледж директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Білім беру саласының құрметті қызметкері» - Танатаров Саят Замамбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, үздіктерді қызыл дипломдармен марапаттады. Диплом табыстауға емдеу мекемелерінің өкілдері шақыртылды.

Құттықтау сөз сөйлегендер:

Дананова А.Ж. - №1 перзентхананың бас акушері

Байғалиева Т.А.- «Адал - фарм» дәріхана желісінің директоры

Чекурова Г.Н. – Төтенше жедел жәрдем станциясының бас фельдшері

Таяпбергенова Г.С.- №2 емхананың бас медбикесі

Кенжина А. А.- №7 емхананың бас медбикесі

Закирова А.Р.- «Хаким» емханасының бас медбикесі

Бас медбикелер Желпакова Г.С. , Кенжина А.А., Таяпбергенова Г.С. біздің колледж түлектері, қазіргі таңда колледжімізді «Қолданбалы бакалавр» мамандығы бойынша оқуларын жалғастыруда.

Студенттер өздерінің топ жетекшілеріне ерекше көңіл білдіріп, сахнада топ жетекшілеріне гүлдер ұсынды.

Түлектердің ата-аналары колледждің педагогикалық ұжымын құттықтады. Сахнада біздің түлектер мемлекеттік тәжірибеден өткен: «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ (44 студент), Павлодар облыстық перинаталды орталығы,  Өскемен қаласының Гематология орталығы,  «Инкар» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, Орталық қалалық Риддер ауруханасы және басқа мекемелер атынан алғыс  хаттармен марапатталынды.

Кәсіподақ және «Сенім» жастар ұйымынан топ старосталарына сыйлық ретінде тонометрлер табыс етілді.

Колледж түлектерін Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжін табысты  бітірулерімен құттықтаймыз. Жас  мамандарға табыс, бақыт, гүлдену тілей отырып, биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз!