ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Білім күні

2019 жылдың 02 қыркүйегінде «Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК оқуға түскен жаңа топ студенттері мен ата-аналарға арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты салтанатты жиын өткізілді. Құттықтау сөз колледж директоры, медицина білімінің кандидаты, профессор,  «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Денсаулық сақтау ісінің құрметті қызметкері» Танатаров Саят Заманбековичке, диретордың оқу және тәрбие ісінің орынбасары және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Нургалиева Гульмира Турсунгалиевнаға, диретордың тәрбие ісінің орынбасары және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Тулумгужинова Гульжан Райхановнаға берілді. Жиынға Семей қаласы Әуезов полиция бөлімінің  ИДН инспекторы  полиция полковнигі Нургалиева Ф.Ж. шақырылды

Алғашқы рет білім күніне арналған жиын Титова 142 көшесінде орналасқан  жаңа колледж жатақханада өткізілді. Жиыннан кейін жатақхана меңгерушісі келген ата-аналар мен студенттерге жатақханада экскурсия жүргізді. Жатақхана акт залында ата-аналармен жинылыс өткізіліп,  жатақханада тұру тәртіптері мен ережерімен таныстырылды.