ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Құқық бұзушылықтың алдын алу.

«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК студенттері Титов көшесі, 142  мекен жайында орналасқан жатақханада тұрады. Жаңа жатақхана кілтін салтанатты түрде 2018 жылдын желтоқсан айында ШҚО әкімі Д.К.Ахметов тапсырды.

Жатақханада студенттердің өмір сүруіне барлық жағдай жасалған 4-қабатты ғимарат. Фитнес, симуляциялық кабинеттер, оқу залы, интернет, жуынатын бөлме, кір жуу бөлмесі, әр қабатта ас үй бар.

Жатақханада құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша толық жұмыс жүргізіледі.

Жатақханада құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік мақсатында бейнебақылау камералары, тәулік бойы күзет орнатылған. Жатақханада өзін-өзі басқару органы-студенттік кеңес жұмыс істейді. Студенттік кеңес конкурстар, спорттық жарыстар, кездесулер, мерекелер ұйымдастырады.

19.09.2019 ж. жатақхана әкімшілігі мен студенттік кеңес жатақханада тұратын жасөспірімдерге арналған кездесу өткізді.  Қонаққа құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылды: Әуезов АІІБ ЖПҚ инспекторлары, учаскелік инспектор.

Қызықты әңгіме өткізіліп, ең өзекті сұрақтар қозғалды: жастар мәселелері, қиындықтар, өзін қалай сақтау, өмірлік қиын жағдайлардан шығу жолдары, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері. Жасөспірімдер барлық сұрақтарына жауап алды. Мұндай кездесулер жүйелі түрде өтеді.