ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Перинаталды психологиядағы арт-терапиясы

«Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК 4 Мейірбикелік іс «3» топ студенттері 10-14 қазан күндері Simurg психология және өзін-өзі дамыту халықаралық фестиваль аясында Ташкент қаласының перинаталды орталығының жүктілік патологиясы бөлімінде өткен «Психологияның перинаталды аспектілері, арт-терапия әдістері» тақырыбына арналған форумға қатысты. Форумды болашақ аналармен бірге акушерлермен бірге жұмыс жасайтын психологтар ұйымдастырды. Фестивальге қатысуға ТМД және алыс шетелден 4200-ден астам өкілдер шақырылды. Бүгінгі күні жүкті әйелдер арт-терапияның түрлі әдістерін қолданады. Бұл профилактикалық бағдарламалар аясында да, топтық және жеке жұмыстарда да шығармашылық тұрғыдан көріну тәсілі. Жүктіліктің маңызды психологиялық аспектілерінің бірі жаңа жеке және әлеуметтік рөлге дайындық болып табылады. Арт-терапия көмегімен біздің студенттер форум аясында болашақ аналарға психологиялық қолдау көрсете алды.