ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Колледж жатақханасында бірінші курс студенттеріне арналған кеш

«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК студенттері Титов көшесі, 142  мекен жайында орналасқан жатақханада тұрады. Жаңа жатақхана кілтін салтанатты түрде 2018 жылдын желтоқсан айында ШҚО әкімі Д.К.Ахметов тапсырды.

Жатақханада студенттердің өмір сүруіне барлық жағдай жасалған 4-қабатты ғимарат. Фитнес, симуляциялық кабинеттер, оқу залы, интернет, жуынатын бөлме, кір жуу бөлмесі, әр қабатта ас үй бар.

Жатақханада өзін-өзі басқару органы-студенттік кеңес жұмыс істейді. Студенттік кеңес конкурстар, спорттық жарыстар, кездесулер, мерекелер ұйымдастырады.

2019 жылдың 26 қазан күні жатақхана студент ұйымы және бітіруші студентердің ұйымдастырумен бірінші курс студенттеріне арнап мерекелік кеш өткізілді. Әртүрлі тілде өлеңдер шырқалып, ойындар ойналып, флешмоб өткізілді. Мерекелік іс-шара би кешімен аяқталды. Студенттер жақсы көңіл күйде болды. Студенттерімзге тек қана сәттілік тілейміз. Екінші үйлері жанға жайлы болсын.

1
2
3
4
5