ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

«Әдептілік және сыпайылық» акциясы

 

«Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде» ШЖҚ КМК «Әдептілік  және сыпайылық» акциясы өткізілді.

Шығыстың данагерлерінің айтуы бойынша, сыпайылық адамның өмірін ұзартады. Сыпайы адам амандасу кезінде, жай ғана ауызын жыбырлатып «Сәлем» деп айта салуға болмайды. Амандасу кезінде басқа адамды қарсы алу кезінде, ол адамға денсаулық тілеіміз. Амандасу кезінде, жымиып күлуді ұмытпау керек. Сыпайлықтың ең басты ережесі: «Қоршаған ортаны сыйлау, қарым-қатынас жасау». Орнымен айтылған жақсы сөздер адамның өмірін ұзартатынын ұмытпау қажет. Адамдарға өздері туралы жақсы сөздер айтқан ұнайды. Көбірек жылы сөздер, лебіздер, сыпайы болуға тырысыңыздар.

Колледжде «Әдептілік және сыпайылық күні» акциясы өтті, оның мақсаты студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасының қалыпқа келтірілген үлгілерін көрсету, сыпайы болуға, бір-бірін мақтауға үйрету.

Таңертең мерекелік жағдайда топ психологтары студенттер мен мұғалімдерді  «Сәлеметсізбе! Күндеріңіз сәтті өтсін! Жақсы баға алыңыздар! Сау болыңыз! Сәлем Қайырлы күн!» сияқты жақсы сөздермен қарсы алды.

Бұл күні сіз  группаластарыңызға, достарыңызға, ұстаздарыңызға мейірімді, сыпайы, құрметпен қарап, шын жүректен алғыс айтқаныңызды қалаймыз. Бәріне жақсылық тілейміз!!!

imgonline-com-ua-Resize-N8egibbWkg
imgonline-com-ua-Resize-QqpWrm1n3cUqu7O
imgonline-com-ua-Resize-qrTQ4nx89a5whe
imgonline-com-ua-Resize-xAkl4QumYOaTIq