ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

«JASTAR» дебат клубы

Дебат - бұл белгілі бір ережелерге сәйкес өткізілетін арнайы пікірталас нысаны, интеллектуалды ойын. Дебаттар логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.

Дебат клубының міндеттері:

  • сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті, әлеуметтік жетілген, жауапкершілікті жас ұрпақты қалыптастыру;
  • Колледже студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
  • Жас ұрпақтың бойында өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамыту;
  • шешендік және пікірталас ережелерін үйрету
  • Дауларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін ояту
  • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың жаңа идеяларын анықтау.

Колледжде «Жастар» дебат клубы белсенді жұмыс атқарады. «Жастар» клуб штаб құрамында 9 адам бар. Жетекшісі Казыкенова Аида 3 «Мейіргер ісі» 4 студенті. Дебат клубы қалалық, облыстық, республикалық барлық турнирлерге белсене қатысады.

        2019 жылдың 4-6 қазан күндері аралығында Семей қаласының ішкі саясат бөлімі «Жастардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағыттталған» мемлекеттік тапсырысы аясында, пікір сайыс студетнттерге арналған тренинг өткізді. Тренингке колледжіміздің атынан Жаканов Нұржан  3дантист1, Шакебай Айдана  2лабА, Казыкенова Аида 3СД4 топ студенттері қатысты. Тренинг барысында пікірсайыс қозғалысын дамыту, пікірсайыс ойындарының және технологиясын үйрену байынша тәжірбие жинады. Британдық парламенттік форматтының халықаралық ережелерімен танысты. Тренингті «Астана пікірсайысшылар альянсы» бірлестігінің тренерлері, еліміздің бірнеше республикалық турнирлерінің жеңімпаздары Қуанбай Еркебұлан мен Күздеубаев Нұртас жүргізді. Тренинг соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

        2019 жылдың 12-13 қазан күндері Семей қаласының ішкі саясат бөлімі «Жастардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған» мемлекеттік тапсырысы аясында, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Semey OPEN 2019; Сен де бір кірпіш дүниеге...» атты республикалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Турнир БПФ (Британдық Парламенттік Формат) және Линкольн-Дуглас форматтарында ойнатылды. Турнирге республикамыздың 14-29 жас аралығындағы пікір-сайысшылар қатысты. Турнир қазақ (70 команда), орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғарғы медицина колледжінің «Jastar» дебат клубынан «Apologia absurdus» командасынан 1спикер Ерсалиева Малика және 2спикер Орынбек Гүлнұр, «Комета» командасынан 1спикер Қазыкенова Аида 2спикер Құмарқажы Айнұр қатысты.

Турнирдің мақсаты еліміздің түкпір-түкпірінен келген интеллектуалды жастардың тәжірбие мен пікір алмасуы нәтижесінде тың идеаларды  қалыптастыру, тарихи тұлғалардың мәдени және әдеби мұраларын дәріптеу, жастардың патриоттық, рухани, жан-жақты дамуына, шығармашылық мүмкіндіктердің шыңдалуына және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Турнир екі күнге созылды. Турнирдің соңғы күнінде шағын концертпен жеңімпаз командаларды марапаттаумен аяқталды.

30 күні сағат 13:00-де коллеждіміздің Конференция залында «Дебат пікір-талас ойыныны» атты дебат ойынын бастаушыларға арналған тренинг  өткізілді. Іс шараны ұйымдастырушылар: «JASTAR» дебат клубының мүшелері. Тренингтің басты мақсаты: колледжіміздің пікір-сайыс қозғалысын дамыту, жастар белсенділігін арттыру, жастардың өз ойын дұрыс қалыптастыруға үйрету. Тренинг екі кезеңді қамтыды. Бірінші кезең: танысу жұмыстары. Екінші кезең: дебат бастаушылар арасындағы  шағын ойын. Ойын Американдық парламенттік форматта , «Қазақстан Республикасында еріктілікті қаржылай мативациялау керек деп есептейді» тақырыбында ойнады. Тренинг соңында жастар бір-бірімен пікір алмасып, тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.

Дебатер студенттерімізге сәттілік тілейміз!

11
22
33
44