ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

«Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтың өткізгені туралы есеп

2019 жылдың 29 желтоқсан  күні  Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде  сағат 10.00 –де 2 мейіргер «2»  және 2 лабораториялық диагностика «1», 1 мейіргер ісі «А», «В», «С» тобының студенттері арасында   «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты  жалпы республикалық ашық сабақ өткізілді. Бұл ашық сабаққа қоғамдық пәндер  оқытушылары: Мұсақызы Д, Жуманбаева Л.К, Муздыбай Г.А, Омиржанова К.О., Болвансарова Д.С., Тулумгужинова Г.Р., Жаспанова Г.К.

Ашық сабақтың мақсаты: қазақстандық патриотизм, ұлттық сана қалыптастыру; тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының ролінің маңызын түсіну.

Ашық сабаққа студенттер екі  партияға бөлініп, партияның атауларын, мақсаттарын және бағдарламаларымен таныстырды. Бұл сабақта Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  қызметі туралы бейнеролик, презентациялар көрсетілді және  көрме ұйымдастырылды. Сабақтың қорытындысы ретінде, студенттер өзара пікір алмасып,  эссе жазып Уақыт капсуласына салды. Жалпы, ашық сабақ Ұлт Көшбасшысының ерен еңбектеріне тоқталып,  жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге септігін тигізді. «Уақыт капсуласы» колледж ардагеріне табысталып, колледж мұражайына сақталуға табысталды.

1
2
3
4