ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

«Медбикелік іс» мамандығының қолданбалы бакалавриаты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы

2019 жылғы 29 қарашада «Нұр-сұлтан қаласының жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК Саржанова А.Н. мен Кадышева И.И. төрағалығымен «Медбике іс» мамандығы бойынша «Медбике ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен оқу-әдістемелік бірлестігінің онлайн режимінде отырысы өтті.  «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК өкілдері Нургалиева Г.Т., Чекимбаева А.Е., Темирбекова Н.М., Икласова Ж.М., Ахметова Г.С., Топорова Е.А., Рахматулина З.Р. қатысты. Отырыста кредиттік-модульдік оқыту технологиясын ұйымдастыру, нормативтік-құқықтық база мәселелері қаралды, республиканың медицина колледждерінде қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі талқыланды, сондай-ақ «Кейс-технологиялар әдіснамасы» тақырыбына мастер-класс көрсетілді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

imgonline-com-ua-Resize-icjzorKJfQm