ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

Спорт өзі туралы көрсету тәсілі ретінде

2019 жылдың 14 қарашасында Семей қаласында парапауэрлифтинг бойынша мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында облыс чемпионаты өтті. Чемпионатқа облыстың әр аймағынан 35 спортшы қатысты, жарыс он салмақ дәрежесі бойынша өтті.

Бұл жарысқа Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің инклюзивтік тобының ІІ Массажист "1" студенттері қатысты.

Щепеткин Олег 1 жүлделі орынға ие болды, ол парапауэрлифтинг бойынша ШҚО бірнеше дүркін чемпионы, Буламбаев Рустам 1 жүлделі орынға ие болды, Абулкасимов Агыбек 3 орынға ие болды.

Олардың әрқайсысы үшін спортпен айналысу-әуестену ғана емес, оңалтудың маңызды әдісі. Спорт балаларға өзін-өзі растауға, позитивті ұстанымдарды қалыптастыруға, қоршаған орта жағдайына бейімделуге, қоғамның қалыпты өміріне қосылуға және ертеңгі күнге жаңа көзқарас қалыптастыруға көмектеседі.

Медицина колледжінің директоры Танатаров Саят Замамбекович және барлық педагогикалық құрам инклюзивтік топ студенттеріне үлкен қолдау көрсетеді. Спорттан басқа студенттер көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған арнайы кітапхана базасында компьютерлік сауаттылық және заманауи смартфондарды пайдалану курстарына қатысады, медициналық мамандықты меңгеруде оқу үлгерімдері жақсы, колледж іс-шараларына қатысады.

3