ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Тәуелсіздік күні

«Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қызықты өтті.

Колледждің акт залында салтанатты жиналыс өткізіліп, оған колледж ардагерлері шақырылды. Барлық ардагерлердің атынан ұстаз-ардагер О.Горлов құттықтады.

Пауэрлифтингтен бірнеше дүркін облыс чемпионы, музыкант, үздік оқушы, инклюзивті топ студенті Олег Щепетин музыкалық құттықтауын айтты. Салтанатты жиналыстан кейін патриоттық әндер байқауы өткізіліп, екінші турда Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен әндері ұсынылды. Байқауға «Емдеу ісі», «Зертханалық диагностика» мамандықтары бойынша 1-2 курс студенттері қатысты.

Байқау нәтижелері:

1 орын 2 «Лабораториялық диагностика» 1 тобы, куратор: Сариева Д.К.

2 орын 2 «Емдеу ісі» 1 тобы, куратор: Г.Ахметова

3 орын 1 «Емдеу ісі» А тобы, куратор: Төлеуов О.М. Командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Қатысқаны үшін 1 «Акушер», 1 «Емдеу ісі» В топтары  алғыс хаттармен марапатталды.

Мереке колледж жатақханасында жалғасты.

2018 жылдың 15 желтоқсанында колледждің жатақханасы ашылды, ал 2019 жылы 15 желтоқсан - біздің жатақхананың 1 жылдығы. Студенттер концерттік бағдарлама дайындады, әкімшілік, мұғалімдер, ардагерлер шақырылды. Кеш би кешімен аяқталды.

Біздің студенттердің екінші үйі жылы, жайлы, жарық болсын.