ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

«Кім білгір» атты сайысы

2020 жылдың 26 ақпан күні «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 4 курс «Емдеу ісі» мамандығының студенттері арасында жас оқытушыларының күшімен

Н.М Нургазинова және А .О Омарова «Патологиялық анатомия және физиология», «Ішкі аурулар» пәндер бірлестігінде өткізілген сабақтан тыс шара « Кім білгір» атты сайыс өткізілді.

Сайыс студенттерді болашақ мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға, ұтымды жауап айта білуге, сонымен қатар алда келе жатқан мемлекеттік емтихандарға дайындау мақсатында жүргізілді.

Сайыс ІІ-командадан тұрды, әрбір команда 5-студенттен құралды. Сайыс

V-кезеңнен тұрды:

І- кезең: «Сұрақ бізден, жауап сізден».

ІІ-кезең: «Суреттер сөйлейді».

ІІІ- кезең:«Сиқырлы сөздер».

ІV-кезең: «Кім жылдам?».

V-кезең: «Кім епті?».

Әділқазылар алқасы командаларға әділ бағасын беріп, женімпаздарды марапаттады.

1
2
3
4
5
6
7
8
9