ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ КМК Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша еліміздің тұрғындарын және медицина қызметкерлерінің ақпараттандыруды арттыру мақсатында, «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК базасында   дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және «COVID-19 коронавирустық инфекциясының» диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамаларын қолдану мәселелер бойынша жоспарланған түсіндіру семинарын өткізді. Семинарға қаланың 32 медициналық ұйымының басшылары қатысты.

Семинарды «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ КМК-ның рационалды фармакотерапия бөлімінің бас маман-талдаушысы Елеусызов Айбек Серикович өткізді.

А.С.Елеусызов ҚР ДСМ-нің бұйрықтарымен, дәрілік заттар жөніндегі халықаралық деректер базасымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының AWaRe 2019 классификациясының деректер базасымен таныстырды. Клиникалық көріністер, антибиотиктер,антиагреганттар, глюкокортикостероидтармен емдеу тактикасы, асқынулар туралы айтты. Қайталама зақымдану жиілігі, вирустың таралуы, амбулаториялық жағдайда емдеу тактикасы, шұғыл ауруханаға жатқызу, ауруханада емдеу туралы ақпарат берді. Медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.