ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Колледждің ғылыми-зерттеу жұмысы

Колледждің ғылыми-зерттеу жұмысы - бұл¬  білім беру қызметінің бір түрі, негізгі мақсаты ғылыми - зерттеу  жұмысын дамыту арқылы мамандардың құзыреттілік  көзқарасының  кәсіби даярлығын  жүзеге асыру, педагогтар мен студенттердің  ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Колледждің ҒЗЖ мазмұны әдістемелік іздену мәселесімен, жалпы міндеттерімен,  жеке қажеттіліктермен және оқытушылардың талаптары  мен сұраныстарымен келісіледі,  колледждің әдістемелік кеңесімен талқыланып, бекітіледі.

Колледждің ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері:

- колледжде оқытудың тиімділігін арттыру үшін  студенттердің  оқу-әдістемелік жұмысын жетілдіру мақсатында ғылыми-әдістемелік базаны қалыптастыру;

- колледжде білім беру үдерісінің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу;

- креативтілікті дамыту және оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау;

Колледжде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру формалары:

  • реферативтік және ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  • жарияланымдар;    
  • жобалық қызмет өнімдері;
  • кәсіби конкурстарға, семинарларға, ғылыми - практикалық конференцияларға және т. б. қатысу;