ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

«Емдеу ісі» бөлімі

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша:

Мамандығы  0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілігі  0301013 «Фельдшер»
0301023 «Акушер (-ка)»

Бөлім меңгерушісі Досымжанова Жанар Кадыровна

Бірінші біліктілік санаттағы «ДЕРМАТОВЕНЕРЕОЛОГИЯДАҒЫ МЕДБИКЕЛІК ІС» пәнінің оқытушы.

Колледж тарихынан.

Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі орта деңгейдегі медицина кадрларын даярлаудағы  Республика бойынша жетекші колледждердің бірі болып табылады. Колледждің 90-жылдық тарихы бар, ол 1928 жылы акушерлік-емдеу  мектебі ретінде құрылды. Колледжде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқыту  1928 жылдан бері жүргізілуде.

Бүгінгі күнде бөлімде:

Бүгін колледж түлектері қаланың, облыстың және жақын маңдағы медициналық мекемелерде ғана емес, біздің колледжіміздің ішінде, Қазақстан, Ресей, Украина және Германияның медициналық және фармацевтикалық ұйымдарында жемісті еңбек етуде. Колледж өзінің түлектерімен,   жоғары оқу орнын бітірген түлектерімен, халық пен студенттер арасында беделді  түлектерін  мақтан тұтады.030100 0 «Емдеу ісі » мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы колледждің миссиясына, стратегиялық жоспарына, мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес келеді және студенттердің біліктілік пен тиісті құзыреттерге ие болуын  ықпал етеді.  Еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

Мамандық бойынша сапалы білім беру мақсатында  келесі жұмыстар жүргізілуде:
1. теориялық және практикалық сабақтардың сапасын бақылау;
2. студенттің ай сайынғы оқу үлгерімі  және сабаққа  қатысуы;
3. студенттердің біліміндегі кемшіліктерді жою жөніндегі   іс-шаралар;
4. теория мен практика бойынша білімдерін бақылау;
5. семестрге қосымша сабақтарды және консультацияларды жоспарлау;
6. оқу үлгерімі төмен студенттермен жеке жұмыс жүргізу;                
7. студенттердің білім сапасын арттыру мақсатында  арнайы пәндер бойынша  оқытуға жаңа   технологияларды енгізу.

Осы іс-шаралардың барлығы студенттердің сабақты себепсіз босатпауын және жеке қажеттіліктерін ескере отырып,  білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Колледждің жұмыс-оқу жоспарында  білімді  меңгеру сапасын бақылаудың келесі түрлері көрсетіледі:

- ағымдағы бақылау; аралық аттестаттау; қорытынды аттестаттау;
- кәсіби дайындық деңгейін бағалау және біліктілікті беру.

Барлық пәндер бойынша аралық аттестаттауды өткізіледі, оның түрлері: бақылау жұмысы, сынақ, дифференциалды сынақ, емтихан болып табылады. Емтихандар мен бақылау жұмыстарының  саны студенттің  білім деңгейіне,  құзыреттілігіне  қойылатын талаптарға сай анықталады.

Кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру аяқталғаннан кейін білім алушының дайындық деңгейін бағалау үшін қорытынды мемлекеттік аттестациялау өткізіледі. Студенттерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (қма) толық теориялық және практикалық оқу курсы аяқталғаннан кейін, мамандықтың қолданыстағы оқу жоспарында белгіленген мерзімде ТӨ өткеннен кейін жүргізіледі.  
030100 0 "Емдеу ісі" білім беру бағдарламасы бойынша:
0301013 "Фельдшер" біліктілігінің қосылуымен, оқытудың нормативтік мерзімі жалпы орта білім базасында - 2 жыл 10 айды құрайды. Осы мамандық бойынша оқыту ҚР МЖМБС 4.05.146-2010 ж және ҚР МЖМБС-2016 ж сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, оқу түрі-күндізгі; 
030102 3 "Акушер(-ка)" біліктілігінің қосылуымен оқытудың нормативтік мерзімі жалпы орта білім базасында - 2 жыл 10 айды құрайды. Осы мамандық бойынша оқыту ҚР МЖМБС-2016 ж орыс тілінде жүргізіледі, оқу түрі – күндізгі.

Фельдшер жедел медициналық көмек қызметінде, фельдшер-акушерлік пункттерде, ірі кәсіпорындардың денсаулық сақтау пункттерінде жұмыс істейді, теңіз кемелерінде және өзен кемелерінде, темір жолдағы денсаулық сақтау пункттерінде жұмыс істей алады, фельдшерлік бригада құрамында жедел медициналық көмек көрсету жөніндегі міндеттемелерде фельдшер барлық жұмыстың жауапты орындаушысы болып табылады, ал дәрігерлік бригадада ол дәрігерге жұмыс атқарады.

i

Міндеттері:

Жедел медициналық жәрдемде шұғыл көмек көрсетеді. Фельдшерлік-акушерлік пункттерде жазатайым оқиғалардың жіті аурулары кезінде емдеу - алдын алу және санитарлық-профилактикалық, жедел медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Учаске тұрғындарының дербес есебін жүргізеді, учаскеде өз қызметін жоспарлайды. Науқастарды дәрігер - мамандардан тексерілуге және кеңес алуға дайындайды. Амбулаториялық қабылдау жүргізеді және науқастарға үйде қызмет көрсетеді. Диагностика, емдеу, аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, хирургиялық манипуляциялар кезінде дәрігерге көмек көрсетеді, физиологиялық босануды қабылдайды.

Фельдшер мамандығы маманнан интеллектуалды, физикалық және жүйке - психикалық шығындарды талап етеді. Кәсіби қызмет, ең алдымен, арнайы еңбек дағдыларын қолдана отырып, нақты міндеттерді орындауды білдіреді. Бұл қызмет кәсіпқойдан жекелей қатыстырушылықты, қарым-қатынастың ашықтығын, қарым-қатынас жасау мен сезінуді, сондай-ақ басқа адамның мүдделерін түсіну қабілетін талап етеді.

Мамандықтың келешегі:

Фельдшер (фельдшер-акушер) денсаулық сақтау пунктінің меңгерушісі, аға фельдшер болу мүмкіндігі бар.

«Акушер (-ка)» Біліктілігі

i

Акушерка - жүкті және босану кезінде босанатын әйелдерге көмек көрсетуге маманданған орта медицина қызметкері.  
"Акушерка" сөзі француздық accoucher сөзінен шыққан, бұл сөзбе-сөз аударғандағы мағынадасы-босану кезіндегі көмекші. Акушердің қамқорлығы-әйел мен оның болашақ ұрпағының денсаулығы.

Акушер жұмысының ерекшелігі:

Акушерге босандыру дағдысы ғана емес, сонымен қатар операциялық, палаталық және балалар медбикесі, педиатр және тіпті психолог-неонатологтың функцияларын орындау қажет. Сонымен қатар Акушерия саласындағы маман күрделі медициналық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, тексеру және шұғыл көмек көрсету тәсілдерімен біледі.
Акушердің атқаратын жұмысы:

Перзентханалар, әйелдерге арналған консультациялар, отбасы жоспарлау орталықтары және т.б."Емдеу ісі "мамандығы бойынша студенттер оқытушылардың жетекшілігімен халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

6.04.2017 ж. Ресей Федерациясының Омбы қаласында Кәсіби білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Чемпионат профессионального мастерства», «Территория неотложной помощи " халықаралық байқауы өтті

Ұйымдастырушы: Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау Министрлігінің "Омбы мемлекеттік медицина университеті" ҚМФ.         

1. Қазақстан-Семей, Өскемен, Көкшетау, Петропавл, Тараз.
2. Ресей-Омбы, Томск, Новосибирск, Рубцовск, Ижевск, Есіл, Тобольск, Краснодар, Улан-Удэ, Тюмень, Красноярск, Ханты - Мансийск, Дивногорск.

Барлық  қатысушы студеттер саны-69. Бірінші орынды "Семей қаласының  Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі" КМҚК түлегі 4 "Емдеу ісі" тобының студенті Желтова Елена иеленді.

i

II акушерлер "1" тобының студенті Нейман Эрика "Үздік компьютерлік кесте және дизайн" атты облыстық байқауға қатысып,  жүлделі 1 орынға ие болды.

i