ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79

Мамандық бөлімдері

Жумагельдина Балауса Бейсенгазиевна

Бөлім меңгеруші Жумагельдина Балауса Бейсенгазиевна. Колледждегі жұмыс өтілімі 15 жыл. Бірінші біліктілік санаттағы «ІШКІ АУРУЛАР» пәнінің оқытушысы. Бөлімінде 101 оқытушымен  жұмыс  жүргізеді.

Оқу процесінде оқытушылардың жеке қасиеттерін   тұлғалық-бағдарлы тәлім-тәрбиені пайдаланады, студенттің жеке зейін қабілеттерін,  еркіндікке ұмтылуға деген талпынысын, тұлға және кәсіби өсуіне, дербестігін және өзін-өзі сыйлауын ескереді, қазіргі педагогикалық технологияларды пайдаланып,  студенттердің  бейімделуіне көмектеседі. Білім беру процесінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін оқытудың инновациялық интерактивті әдістерін қолдана отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар белсенді қолданылады.

Өз  ісіне шығармашылық көзқараспен  қарайтын,  жоғары кәсіпті  арнайы пәндер оқытушыларын атап өтуге болады: Коробкова Л. А, Волченкова А. В, Терехина И. И, Жаксылыкова З. Ж, Темирбекова Н. М, Бейсенова А. Т, Коробкова К. С.

Жыл сайын студенттердің  ата-аналарымен байланыс жүргізіледі,  колледж әкімшілігінің, колледж психологының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізіліп тұрады,  сондай-ақ кәмелетке толмағандар  студенттер ісі жөніндегі КҚКО инспекторларын тарту арқылы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, жемқорлық, терреризм тақырыптары  бойынша әңгіме жүргізіледі. 

Түрлі мамандықтар бөлімшесінің студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары өте өзекті, кәсіптік қызмет элементтерін, практикалық денсаулық сақтау үшін қызығушылық танытады.  
Арнайы пәндерді оқытуға Денсаулық сақтау ұйымдарының жоғары білікті мамандары тартылады. Өз тәжірибелерін студенттерге жоғары санатты дәрігерлер М. А. Туткушева, А. К. Бөленбаев, Л. К. Жунусова, Г. К. Абаева, Б. К. Мухамадиева береді.

Мамандық бөлімдері:

Мамандығы: 030400 0 "Стоматология" 
Біліктілігі: 030401 3 - " Тіс дәрігерінің көмекшісі»

Мамандығы: 030500 0 "Зертханалық диагностика" 
Біліктілігі: 030501 3 - " Медициналық зертханашы»

Мамандығы: 030600 0 "Фармация" 
Біліктілігі: 030601 3 - " Фармацевт»

Мамандығы: 030700 0 " Ортопедиялық Стоматология "
Біліктілігі: 030701 3 -" Тіс технигі»